Ата заң және азаматтық жауапкершілік.

Жаңа Конституциялық жоба қоғамдағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын. Себебі кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы ең алдымен халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімге байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйені жетілдіруге, мемлекеттік басқаруды заман талабына сай жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Конституцияның өзегі болуы тиіс. Әрбір адам заң алдында тең екендігін сезініп, өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы керек. Заң үстемдігі қағидаты нақты сақталған жағдайда ғана қоғамда әділдік орнап, тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Бұл – құқықтық мемлекеттің басты белгісі.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің нақты айқындалуы да аса маңызды. Өкілеттіктердің дұрыс бөлінуі жауапкершілікті күшейтіп, басқару тиімділігін арттырады. Әр құрылым өз міндетін нақты біліп, соған сай жұмыс істегенде ғана жүйелі нәтиже болады. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыра түседі.
Жоба мазмұны жан-жақты әрі терең талдауды қажет етеді. Себебі Конституция – елдің стратегиялық бағытын айқындайтын, ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын басты құжат. Сондықтан әрбір бап пен норманың мазмұны мұқият қарастырылуы тиіс.
Қоғамдық талқылаулардың ашық өтуі – демократиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ұсыныс енгізуге мүмкіндік алып отыр. Бұл – азаматтық белсенділіктің артқанының айқын дәлелі. Халықтың белсенді қатысуы Конституциялық өзгерістердің шынайы қолдау табуына жол ашады.
Қорыта айтқанда, Конституция – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін негізгі құжат. Оның мазмұны қоғам мүддесіне сай болып, әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға қызмет етуі тиіс. Сонда ғана біз тұрақты, дамыған әрі құқықтық мемлекет құру жолында нық қадам жасай аламыз.

#ЖаңаКонституция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT