АУДАНДА «СТАЛКИНГТІ ТОҚТАТ: ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Атырау обылысы Махамбет ауданында «СТАЛКИНГТІ ТОҚТАТ: қауіпсіздік – әр адамның құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда жиі еленбей қалатын, алайда азаматтардың жеке қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін сталкинг мәселесіне назар аудару, оның алдын алу жолдарын талқылау және құқықтық жауапкершілік тетіктерін түсіндіру.
Дөңгелек үстелге Отбасын қолдау орталығының мамандары, Махамбет ауданы полиция бөлімі Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны Сапарғалиева Арайлым Абайқызы және аудан тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында сталкингтің қоғамға төндіретін қауіп-қатері туралы бейнеролик көрсетіліп, «Сталкинг — үнсіз қауіп» тақырыбында монолог оқылды.
Дөңгелек үстелді ашқан Отбасын қолдау орталығының директоры Р. Темірланов өз сөзінде қоғамдық қауіпсіздік мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол сталкингтің алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.
Махамбет ауданы полиция бөлімі Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны Сапарғалиева Арайлым Абайқызы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылған шараларға тоқталды. Сонымен қатар, азаматтардың жеке өміріне қол сұғу фактілеріне қатысты заң талаптары түсіндірілді.
Жиын барысында қоғамда жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелдің  қорытындысында қатысушылар сталкингтің алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастыруға және қоғам болып бірлесіп әрекет етуге шақырды.
Мамандардың айтуынша, әр адамның қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар, ал оны қорғау – баршаның ортақ жауапкершілігі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT