Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда еліміздің әсіресе, облыстың экологиялық ахуалы көңіл көншітпейді. Орман қорының азайып, өзендер мен көлдер ластануы, ауа сапасының төмендеуі салдарынан табиғатымызға үлкен қауіп төніп тұр. Мұның бәрі адамның санасыз іс-әрекетінің салдары.
Осы орайда жаңа Конституция жобасына енгізілген табиғатқа ұқыпты қарау принципі өте маңызды. Өйткені ол тек қоршаған ортаны сақтап қана қоймай, болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз өмір қалдыруға мүмкіндік береді.
Бұл қағида арқылы мемлекет пен азаматтар арасындағы жауапкершілік айқындалады. Билік табиғатты қорғау заңдарын қабылдайды, ал халық оларды сақтауға міндетті. Сонымен қатар, бұл принцип экономикалық дамуды табиғатқа зиян келтірмей жүргізуге жол ашады, яғни тұрақты даму мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді. Бұл — елдің ұзақ мерзімді болашағы үшін маңызды қадам болмақ.
Мемлекет пен азаматтар арасындағы жауапкершілік айқындалады
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 24


