Елге, жерге деген жауапкершіліктің көрінісі

Ата Заң – тәуелсіз еліміздің берік негізі, қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің басты кепілі. Бүгінгі таңда Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Ауыл жастары үшін бұл өзгерістердің маңызы зор. Себебі жаңартылған Ата Заң өңірлердің дамуына, жастардың білім алып, еңбек етіп, өз әлеуетін туған жерінде жүзеге асыруына кең мүмкіндік береді.
«Ауыл» партиясының «Ауыл жастары» Қанаты ауыл жастарының мүддесін қорғауды, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуын басты міндет санайды. Ата Заңды құрметтеу – елге, жерге деген жауапкершіліктің көрінісі. Болашақ ауылдан басталады, ал сол болашақты қалыптастыратын – саналы, белсенді жастар деп сенемін.
Аманжан Тілегенов, 
Махамбет ауданы “Жастар ресурстық орталығы” мәдени іс-шара ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT