Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағының 4,5-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына, «Атырау облысы энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 10 қазандағы №06-01-11-03-18/2133 санды хаты және Аты­рау облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №2394-25-00-4/242 санды ұйғарымы негізінде Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Финская-120 АГТС және Редут-АГТС» магистральдық газ құбыры тармағын салу» жобасына кедергі келтіріп, басқа мүмкіндік болмауына байланысты, Бейбарыс ауылдық округі жерінде орналасқан «Авиакомпания «Бейбарыс» акционерлік қоғамының (БСН 151040018837) жеке меншік жер пайдалану құқығындағы жалпы көлемі 4,1366 гектар (кадастрлық нөмірі 04-065-014-1500) халыққа өзінің қызметін ұсыну үшін авиациялық техника және өзге де көлік құралдарын базалау, пайдалану және қызмет көрсету үшін берілген жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап алты ай болып белгіленсін.
  3. Махамбет ауданы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, №22 ғимаратында орналасқан «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарла­суы қажет.
  5. Махамбет ауданы әкімі, Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы жер учаскесінің құнын төлеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

А.АЙМУРАТОВ,

аудан әкімінің уақытша

міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT