АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ШЕШІМДЕРІНІҢ НЕГІЗІ

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Бұл – елдің аграрлық секторының жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ауқымды статистикалық зерттеу.

Санақ ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша жүргізіледі. Өткізу мерзімі ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, ҚР Үкіметімен бекітілген. Іс-шара екі кезеңде өтеді: онлайн сауалнама және үй шаруашылықтарын аралап өту.

Онлайн кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Заңды тұлғалар, фермерлер мен үй шаруашылықтары санақ парақтарын қашықтан өз бетінше толтыра алады. Сайтқа кірген кезде респондент ЭЦҚ, QR-код немесе СМС арқылы тіркеліп, авторизаци­ядан өтуі қажет. Қызметі мал шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен және балық шаруашылығымен байла­нысты барлық заңды тұлға, соның ішінде ЖШС, шаруа және фермер қожалықтары міндетті түрде санаққа қатысуы керек. Сауалнама аяқталғаннан кейін респонденттің электрондық поштасына санақтан өткені туралы хабар­лама келіп түседі.

20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген шаруашылықтарға баратын бо­лады. Үй-үйді аралау кезінде жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін, бақшасы мен жер учаскесі бар, мал ұстайтын үй шаруашылықтары сұралады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктерде және аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылған. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.

Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі: шаруашылықтардың құрылымы, техниканың бо­луы, жануарлар, егіс алқаптары және басқа ресурстар ту­ралы толық және өзекті ақпарат алу. Бұл деректер мем­лекетке тиімді аграрлық саясат әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланы дамытуға көмектеседі. Барлық ұсынылатын ақпараттың құпиялылығы сақталады, дерек­тер «Мемлекеттік статистика туралы» заңымен қорғалады және салық немесе басқа мемлекеттік органдарға берілмейді.

Біз барлық азаматтарды санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі. Барлық қатысушы тарапты өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Санаққа қатысуыңыз – еліміздің ауыл шаруашылығының болашағына қосқан үлесіңіз екенін есте ұстаңыз!

З.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

аудандық статистика бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT