«Мектебім, саған мың алғыс!»

Аудан мектептерінде 25 мамырда 11 сыныпты бітіретін түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Жалпы Махамбет ауданында биылғы жылы 244 түлек мектеп бітіреді. Оның 5-і «Алтын белгіге» үміткер, 11-і «Үздік аттестатқа» үміткер. 2023-2024 оқу жылы ауданымызда 244 түлек мектеп бітірсе, оның 224-і ҰБТ тапсыратын болды. ҰБТ Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан ҰБТ тапсыру пунктінде өтеді.

Д.Төленов атындағы орта мек­тепте «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты шара өтті.

Мектеп директоры Талшын Ғабитқызы түлектерді соңғы қоңырау салтанатымен құттықтап, сәт сапар тіледі. Ол биылғы жылы мектепті 24 түлек бітіріп жатқанын айтып, түлектер Айболат Меңдібайға, Ильяс Хасенұлына «Алғыс хат» тапсырды. Сондай-ақ, «Өнерпаз» мәдениет үйі атынан Мейіржан Ермұқашев, Еркетай Тегісбаева, Айсана Қабдоловалар да марапатталды.

Аудандық білім бөлімінің бас­шысы Венера Берікқызы жас түлектерді соңғы қоңырау салта­натымен құттықтап, өзінің ақжарма тілегін арнады. Ол биылғы жылғы түлектер ішінде 5 «Алтын белгі», 11 «Үздік аттестат» барын ай­тып, ҚР Оқу-ағарту министрінің шешімімен су тасқынына байланы­сты облыс бойынша аралық және қорытынды аттестаттаудан 5-11 сы­нып оқушылары босатылғанын ха­барлады.

-Облыс бойынша 6376 оқушы аралық және қорытынды аттестат­тау тапсырмаларын тапсырмайды. Оның ішінде ауданымыздың 16 мектебі де бар. Оқушылардың қорытынды б а ғасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Алайда 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. Ал 9 сынып бітірушілер арасында колледжге оқуға түсетін оқушылар қабылдау емтихан­дарын тапсыратын болады,-деді В.Қабышева.

Салтанатты шарада бітіруші түлектердің ата-аналары атынан Дәуітқали Азжанов, жас түлек Бека­рыс Нұрғалиұлы құттықтап, жарқын болашақ, сәт сапар тіледі. Қыздар «Мектебім» әнін әуелете шырқап, ақжарма тілектерін жолдады. Ұлдардың «Мектебіңді ұмытпа», «Мектебім» әндерінен соң сынып жетекшісі Асия Қоңыршиева ақ тілектерін арнады. Түлектер «Мек­теп вальсімен» тербеліп, ортаға шықты.

Жылдағы дәстүр бойынша шара соңында соңғы қоңырау үнін мек­теп түлектері Асылтек Исатаев пен Еркетай Тегісбаева сыңғырлатты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521