«Ақжелең» тобы Өскеменде өнер көрсетеді

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында «TAMIRIS kz» продюссерлік орталығы ұйымдастырған «HALYQ STAP- 2024» республикалық көп жанрлы өнер байқауы өткен болатын. Бұл байқауға Алға мәдениет үйі жанындағы «Әлқисса» домбыра үйірмесінің мүшелері ұлттық аспапта ойнау жанры бойынша қатысты.

Байқау қорытындысында жеке орындаушылар Алмат Өтеу, Аруна Нысанбай бас жүлдеге ие болса, Альмира Сатыбалды жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Топ бойынша «Шашу» тобы мен «Ақжелең» тобы байқаудың бас жүлдесін иемденіпті.

Алдағы 6 маусымда «Ақжелең» тобы Өскемен қаласында «Қазақстан» ұлттық телеар­насы түсірілімімен өтетін өнер жұлдыздарының гала-концертіне қатысуға жолдама ұтып алған екен. Өнерпаз балаларды байқауға қатысуға дайындап жүрген үйірме жетекшісі Алмагүл Ермекованың қосқан үлесі зор. Алмагүлдің шығармашылық жұмыстарына то­лайым табыстар тілейміз.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT