Мейрамханамызда үлкен отбасылық іс-шараларды өткізбеуге шешім қабылдадық

Әлем елдерін дүрбелеңге салған коронавирусқа байланысты күні кеше ел Президенті халыққа үндеуін жолдады.

Ол қазақстандық азаматтардың денсаулығы үшін дүйсенбі күнінен бастап елімізде жаппай төтенше жағдай енгізілуіне байланысты отбасылық іс-шараларды өткізбеуге шақырып отыр. Аудан орталығында алдағы мерекелік күндерге той-томалақтарын жоспарлап, алдын-ала тапсырыс беріп қойған тұрғындар жетерлік.

Кәсіпкер болғандықтан біздің күнделікті табатын табысымыз тұрғындардың тапсырысына байланысты екені белгілі. Оның үстіне шығынымыз бар шаш етектен. Қалай десек те, бұл жағдай қарапайым халықпен қатар, кәсіпкерлердің табысына да әсер ететін сыңайлы. Елде енгізілген төтенше жағдай кезінде бізде өз жауапкершілігімізді сезініп, берілген тапсырмаға сай мейрамханамызда үлкен отбасылық іс-шараларды өткізбеуге шешім қабылдап жатырмыз.

«Той десе қу бас домалайды» десек те, бәрінен бұрын денсаулығымызды ұмытпағанымыз жөн деп білемін.

Әлі талай тойларды өткізерміз, ең бастысы қалың ел болып бұл індеттен аман-есен құтылсақ екен.

Роза Түсекенова,

кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521