Медицина нысандарын жаңарту – өңір дамуының маңызды қадамы

Мемлекет басшысының медицина саласын жаңғырту жөніндегі бастамалары – бүгінгі қоғамның ең өзекті қажеттіліктерінің бірі.

Ел Президенті атап өткендей, ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап, мамандандырылған ауруханаларға дейін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуі – халықтың денсаулық сақтау сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған жүйелі қадам.

Ауыл аймағындағы медициналық нысандардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету – тұрғындардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Әсіресе шалғай елді мекендердегі медициналық пункттердің жаңарып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы, дәрігерлердің жұмыс жағдайының жақсаруы – денсаулық сақтау қызметінің сапасын едәуір арттырады.

Сонымен бірге, мамандандырылған ауруханалардың жаңғыруы, цифрлық технологиялардың енгізілуі, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану – аудан тұрғындары үшін күрделі ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сапасы мен өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді.

Президент Жолдауындағы осы міндеттер – тек жүйелі реформа ғана емес, ел болашағына жасалған стратегиялық инвестиция. Аудан халқы денсаулық сақтау саласына қатысты мұндай ауқымды өзгерістерді қолдайды және оның нақты іске асырылуы өңіріміздің әлеуметтік дамуына серпін беретініне сенімді.

Медицина нысандарын жаңғырту – әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға бағытталған аса маңызды қадам. Бұл реформа ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты азайтып, бүкіл ел бойынша медициналық қызмет сапасын бір деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT