Аудан аумағында «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс шарасы аяқталды

2025-2026 Жаңа оқу жылына байланысты балалардың оқумен қамтылуы, отбасында тәрбиеленуші балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, олардың жыныстық тәуелсіздігін қорғауға бағыттала отырып, өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ата-аналармен тәрбиеленетін балалардың құқығын қорғау, кәмелетке толмағандармен  жасалатын құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында, ағымдағы жылғы 29 қазан 1 қараша аралығында аудан көлемінде «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.  

Іс-шараға барлығы – 40 қызметкер қатысты. Оның ішінде полиция бөлімнің қызметкерлері - 35,  білім беру бөлімінің қызметкері -2,  ата-аналар комитетінен – 2, БАҚ-нан – 1 маман  жұмылдырылды.

Білім беру ұйымдарының өкілдерімен  ІІО-ның есебінде тұрған «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері» барлығы 15 тұлға және есепте тұрған жасөспірімдердің мекен-жайлары тексеріліп, тексеру кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.

        Аудан бойынша кәмелетке толмағандардың атыс қаруын және суық қаруды сақтау, сондай-ақ оларды заңсыз қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттар айналымымен байланысты қылмыстық топтар мен қауымдастықтарға тарту жағдайларын анықтауға, кәмелетке толмағандарды жедел есепке уақытылы қоюды қамтамасыз етуге, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін интернет-контентті анықтау және бұғаттауға бағытталған арнайы іс-шаралар жұмыстары жүргізілді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар анықталған жоқ және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бірде бір бала орналастырылған жоқ.

Аталған іс-шара кезінде барлығы – 13 әкімшілік хаттама толтырылып, 12 кәмелетке толмаған бөлімшеге жеткізілді. Олардың ата-аналарына ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442 бабы 2,3 бөлімімен – 12 әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту және айыппұл салынды. ҚР-сы ӘҚБтК-нің 127 бабы 1 бөлігімен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамауы) – 1 әкімшілік  хаттама толтырылды.             

«Жанұя және бала»   жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жүргізілген рейдтік  жұмыстар, анықталған құқықбұзушылықтар туралы ақпараттық мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды. Яғни, жергілікті баспаға – 2 мақала, интернет ресурстарына –15 мақала жарияланды.

 

А.Елешова,

Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі

ювеналды полиция тобының

кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі

аға учаскелік полиция инспекторы

полиция майоры                                                                           

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT