Маңызды жобаларға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдаудың басты міндетті –  жаппай цифрлық елге айналу. Әлбетте, бұл міндетті іске асыру үшін ең алдымен Цифрлық кодекстің қабылдануы өте маңызды.

Президент бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиістігін атап өтті. Еліміздің бәсекеге қабілетті ел ретінде дамуы – жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуімізге байланысты. Бұл бағытта мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруды ұсынды.

- Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру қажет, - деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бөлек Жолдауда инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғырту, экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, ауылшаруашығы, көлік-логистика  салаларын жаңа деңгейге көтеру, адам капиталын дамытуға қатысты міндеттер төңірегінде айтылды. Үкіметке елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында пайдасы зор жобаларға басымдық беру тапсырылды.

Баршаға аян, өткен жылдың қаңтар айынан бастап Президент бастамасымен «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаны  белгілі. Бұл бағдарлама ел тарихындағы балаларға арналған алғашқы ұлттық инвестициялық жоба. Қордағы кірістің бір бөлігі балалар үшін арнайы жинақ ретінде бөлінеді. Ол әр баланың білім алуына, баспанаға ие болуына және жан-жақты дамуына жол ашады. Аталмыш бағдарлама туралы Жолдауда сөз еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек. Қорды қосымша инвестиция көзі ретінде қолдану үшін ел ішінде болашағы зор және нарықтағы әлеуеті жоғары болатын жобаларға қаржы бөлуге болады,- деді.

Бұл тұрғыда бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын мұқият ойластыру қажеттігін және сапалы сараптама жасай алатын халықаралық деңгейдегі басқарушылар мен инвесторларды тартуға болатынын меңзеді.


Г.Бекбаева,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT