Аудан әкімі қос сала қызметкерлерін қабылдады

Мерейді тасытқан мереке.

 Аудандық әкімдік мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне орай аудан әкімі Ринат Жанқылыш сала қызметкерлерін қабылдап, мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі.

Аудан басшысы өз сөзінде:

«Сіздерді кәсіби мерекеміз мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын. Әрбір өркениеттің өріне қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылары ақиқат. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың 23 маусымды мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, жарлыққа қол қойғаннан бері төл мерекеміз ретінде атап өтіліп келеді. Сондықтан қашанда жүгі ауырбилік міндетінің ауқымды, мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін»-деді.

Шара одан әрі марапаттауға ұласты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатымен» ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанат Ожихова, Есбол ауылдық округінің бас маманы Гүлдана Юсупова марапатталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен «Үкілі домбыра» облыстық байқауының І орын иегері Ақжайық ауылдық округінің әкімі Сайлаубай Жұмағалиев, «Отбасым-үйім, отбасым-тірегім» облыстық байқауының І орын жүлдегері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатына» ие болды.

Ал аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ақтоғай ауылдық округінің бас маманы Есім Мұратов, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Жамила Лұқпан, Бақсай ауылдық округінің бас маманы Венера Нуртлеуова, Жалғансай ауылдық округінің бас маманы Райгүл Мұхышева, Бейбарыс ауылдық округінің бас маманы Салимаш Утегалиева, Алға ауылдық округінің бас маманы Гүлнар Нұрғожа, Сарайшық ауылдық округінің бас маманы Жұлдызбай Токабаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Сырымбет Кенжебаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ардақ Жуасов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұратбек Сәлменов, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Парасат Сақтапова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас мамандары Назым Саменова, Гюльнар Бекбаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Зульфия Болатова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Қапиз Лұқпановтар марапатталды.

Сондай ақ, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Асылбек Мурсалиев, полиция бөлімі қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры Ренат Карткужаков, полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы, полиция капитаны Бақтыбек Сембаев, полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Асылбек Бұрхан, полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Едіге Жұмағалиев, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Алмас Умирзаков, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерлі зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Лаура Қуанышбаева, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Расул Кайрекенов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бақтыбек Абуталиндер де аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Мерекемен аудандық мәслихат хатшысы Қайыржан Мәжиев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Абай Закариев құттықтап, табыс пен сәттіліктер тіледі. Шара одан әрі аудан өнерпаздарының саздық бағдарламасына ұласты. И.Сұлтанов «Төремұрат» күйін күмбірлетсе, М.Жетпісбаева «Ал жігіттер, сал құлақ» термесін төгілтті. Б.Әбілдай мен Р. Сабыровтың орындауындағы «Маржан қыз» әні көптің көңілінен шықты.

Сонымен қатар Г.Меңдігереева «Қазақстаным», Е.Ғафуров «Аманат» әндерін шырқады.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521