Бүгін, аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ауданға қарасты елді мекендерге су жаңа 5 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған жаңа жедел жәрдем көліктері ауданға қарасты Ортақшыл, Алға, Бейбарыс, Сарайшық, Сарытоғай елді мекендеріне пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, ауданымызға жаңадан келіп, халыққа қызмет етіп жатырған лор, хирург, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге 3 жаңа үйдің кілті табысталды.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Қайрат Есқабылұлы аудан халқын жағымды жаңалықтармен құттықтап, Махамбет ауданында медицина саласының ілгері дамуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.