Махамбеттіктер қоныс тойын тойлар күн жақын

Аудан халқы көптен бері асыға күтіп отырған жаңа 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы да тамамдалып қалды.

Елдегі пандемияға қарсы күрес пен карантиндік режимнің кедергісіне қарамастан мердігер компания «Гарант-Строй 2008» өз жұмысын уақытында тапсыруға тырысты. Аудандық тұрғын үй комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Зұлхарнай Мұқашевтың айтуынша:

-Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық дерлік аяқталып тұр.Ендігі уақытта, мердігердің, жоба авторының, тапсырыс берушінің, техникалық бақылаушының құжаттарын жұмыс тобы тексеріп, қабылдағаннан кейін ғана тұрғын үй комиссиясы құрылады. Оның құрамындағы 13 адамның ұсынысы жан-жақты қаралып, ортақ шешім қабылданған соң, кезекпен үй алушы тұрғындардың тізімі газет бетіне жарияланады. Жоспарға сәйкес тұрғын үйдің табысталу мерзімі шілде айына жоспарланған.

Карантин кедергісін келтірді ме, дайындық жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Әйтсе де, алдағы бір-екі айдың турасында аты жаман ауруды жеңіп, махамбеттіктер жаңа үйде қоныс тойын тойлайды деп күтеміз.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT