Махамбеттік дәрігерлерге «денсаулық себеті» табысталды

Себетте иммунитетті арттыруға және нығайтуға қажетті азық-түлік өнімдері бар.

Атырау облысында «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Дәрігерлерге алғыс» акциясы қолға алынған болатын.

Бүгін аталмыш шара Махамбет ауданында өз жалғасын тапты. «Jas Otan» ЖҚ-ның аудандық филиалының еріктілері провизорлық орталықта қызмет етіп, індетпен тікелей күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға тәтті тағамдардан жасақталған себеттерін табыстады. Себетте иммунитетті арттыруға және нығайтуға қажетті азық-түлік өнімдері бар.

algys2074

Акцияның мақсаты – пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі күннің батырларына айналған медицинна қызметкерлеріне алғыс білдіру.

algys2072

«Көмек көрсетіп жатқандардың бәріне рахмет айтамыз. Әкімдік, еріктілер тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе, оттегі аппаратын алуға қаражат жинап, кейін қайырымдылық эстафетасына ұластырып жіберген махамбеттік белсенді жастар Бұлан мен Айданаға көп рахмет. Олардың бастамасымен бүгінгі күні ауруханамызға қажетті аппараттар, қорғаныш киімдері келді. Кәсіпкерлер де қол ұшын созудан аянып қалып отырған жоқ. Баршасына мың алғыс»,- дейді дәрігер-эпидемиолог Гүлмира Жылқыбаева.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521