Махамбеттіктер «Конферансье-2023» облыстық байқауында үздіктер қатарынан табылды

Құттықтаймыз!

Атырау облысында «Конферансье-2023» мәдени іс-шаралар жүргізушілерінің облыстық байқауы өтті. Мақсат -  әр түрлі бағыттағы мәдени шараларды жүргізушілерді іздестіру, оларды көпшілікке танымал ету.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда Махамбет ауданынан 2 жұп қатысып, жүлдегерлер қатарынан табылды.

Еламан Ғафуров пен Айжан Бөлекбаева байқаудың бірінші орнын қанжығаға байласа, Сейітжан Құжырбаев пен Нұргүл Жалмұханова жұбы екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар Бейбарыс ауылының талантты жасы Айтқали Сембаев жеке дара өнер көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз