Ақтоғайда «Әзілкештер алаңы» атты көңілді тапқырлар сайысы өтті

Ақтоғайда «Әзілкештер алаңы»

Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде «Әзілкештер алаңы» атты көңілді тапқырлар сайысы өтті. Мақсат – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас дарындарды анықтап, қолдау білдіру.

«Аппақ гүлдер» және «Ретро» командалары қатысқан сайыс 4 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, «Сәлемдесу», «Сурет бойынша әзіл сөз құрау», «Үй тапсырмасы», «Сұрақ-жауап» кезеңдері. Көңілді тапқырлар сайысына мәдениет үйінің қызметкері Ербол Гумаров пен Ақтоғай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Әділшиева қазылық етті.

Сайысқа қатысқан командалар өздеріне берілген тапсырма бойынша сайысты тартымды да қызықты өткізді. Қазылар алқасының әділ шешімімен «Ретро» командасы «Үздік команда-2023» болып танылып, арнайы кубокпен, дипломмен марапатталды.

Белсенділік танытқан «Аппақ гүлдер» командасына диплом табысталды.

Тапқырлықтарымен танылған Ерасыл Жамбыл мен Аяулым Фазыл «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз