Махамбеттік тігінші: «Мен де өз үлесімді қосқым келді»

Аты жаман дерт еліміздің бірқатар өңіріне тарап кеткен.

Инфекцияның алдын алу үшін қазақстандық қалалар мен облыстар карантинге жабылып жатыр. Соның ішінде Атырау қаласы да бар. Әлем медицинасы адамзатты аталған індеттен сақтау жолында күресіп жатыр. Адамдар да өз өмірін сақтап қалу үшін жанталасуда. Дәрігерлер жиі ескертіп жатқан дүниенің бірі – тазалық.

Ең алдымен, қолды жиі сабындау жуу керегін әрі бетперде тағыну қажет екенін жиі айтады. Алайда жұртшылық бетперде жетіспеушілігіне алаңдаулы. Әркім бұл індетке қарсы күресті өзінен бастауы керек. Бұл –қоғам үшін пайдалы іс.

Осы орайда махамбеттік тігіншілер бетперде тігуді жаппай қолға алып, әркім өздерінің хал-қадірінше халыққа көмектесуде. Соның бірі үйде баламен отырған ана Гүлжихан Мергенбаева бетперде тігіп, халыққа қолжетімді бағаға сатып, одан қалса, аз қамтылған отбасыларға тегін таратуда.

m

«Осындай қиын кезде қоғамнан қалыс қалмайын деп азғана болса да қолымнан келген көмегімді ұсынуды жөн санап, мен де өз үлесімді қосқым келді. Бетперде тігетін матамды өзім қайырымдылық жасайын деп әдейі сатып алғанмын. Үйден тапсырыспен келіп алғандарға қолжетімді бағаға саттым. Біразын О.Шонаев мектебінің оқу ісінің меңгерушісіне тапсырып, жағдайы төмен отбасыларға таратып беруін сұрадым» дейді ол бізбен әңгімесінде.

Кенжегүл САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT