Махамбеттік қобызшы қыздар тағы да топ жарды

Онлайн-байқауға қатысып, аудан мерейін асырды.

V халықаралық "Qazaq Star Dance Music Festival" балалар мен жасөспірімдер арасында 5 -21 тамыз аралығында өткен өнер байқауында бақ сынаған Махамбет аудандық З.Ещанова атындағы өнер мектебінің қобызшылары қатысып,тағы да бақтарын сынаған болатын.

Тартысты додада бас жүлдені Асылай Талғат пен Халида Ержанова алса, ал жүлделі І орынға Ақтоты Қуанышқызы ие болды.

julde080920

Сонымен қатар ұстазы Гүлзия Магзумова өнегелі шәкірттерді тәрбиелеп,өскелең ұрпақтың бойына рухани байлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіріп,тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда атқарған ұстаздық еңбегі үшін үздік ұстаз дипломымен марапатталды.

«Оқушыларымның алған жетістіктеріне шексіз қуаныштымын.Әрқашанда осылай жарқырап, биік шыңдардан көріне берсін» дейді Гүлзия ризашылығын білдіріп.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз