Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жандандыру, әкімшілік учаскені аралап шығу жолымен экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ халық арасында жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынаста болу мақсатында ағымдағы жылдың 7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде аудан аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара аясында әр учаскелік полиция бекеті жанынан мобильді топ құрылады. Бұдан бөлек тағы бірқатар шаралар ұйымдастырылады.
Атап айтсақ, әкімшілік учаскеде тұратын адамдарды есепке алу журналына мәліметтерді енгізе отырып, пәтерлер және аулалар бойынша әкімшілік учаскелерді аралау, ПБ-ның профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, азаматтық қарудың жеке иелерін барлық қолда бар есептер, сондай-ақ тұрғылық жері бойынша тексеру, базарлар мен өзге де сауда орындарын тексеру, олардың тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау.
Сондай-ақ бақылаусыздық фактілерінің жолын кесу мақсатында жастар және кәмелетке толмағандар шоғырланған жерлерді тексеру, саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, оның ішінде тоқтатылған және тасталған обьектілерді, шатырды, жертөлелерді, кәріз құдықтарын және де өзге орындарды тексеру, тиісті ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына жолдай отырып, жалға берілетін пәтерлерді, үй-жайларды анықтау және олардың тізімін толтыру.
Орайы келгенде аудан тұрғындарынан жедел алдын-алу шарасын өз деңгейінде өтуіне түсіністікпен қарап,талап етілетін заңды әрекеттерді орындауға шақырамыз.
А.Калиева,
аудандық полиция бөлімі,
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
учаскелік полиция инспекторының
жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы,
полиция майоры