«Бекіре-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстары басталды.
Атырау ОПД-ті бастығының 07.09.2020 жылғы №428 санды бұйрығын, ОПД-нің 2020 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық жоспарының 49 тармағын орындау үшін Жайық-Каспий бассейні аумағында табиғатты қорғау және басқа құқық қорғау органдарымен бірлескен «Бекіре-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін табысты өткізуді ұйымдастыру мақсатында Махамбет аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Закариевпен 08.09.2020 жылы №86 санды бұйрығы шығарылды.
Осыған орай аудан көлемінде ағымдағы жылдың 10 қыркүйек - 31 қазан аралығында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін ұйымдастыру кезінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Учаскелік полиция инспекторларының және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне түсетін жол-патрульдік полициясы қызметкерлеріне Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағалауында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау әрекеттерінің жолын кесу міндеттері жүктелді.
Әуесқой балық аулаушылардың назарына: әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға 5 килограммға дейін су жануарларын аулауға рұқсат етіледі.
Осы балық аулау тәртібі бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1,2,3 бөлімдерінде көзделген айппұлдар салынатын болады.
Ал бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мүлдем рұқсат жоқ, бұндай факті анықталып ұсталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
А.Калиева,
Махамбет аудандық полиция бөлімі,
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция
инспекторының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы,
полиция майоры