Аудан әкімі Ж.Ахметов «Primaries-2020» жобасына қатысқан үміткерлерге «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасы М.Досмұхамбетовтың "Алғыс хатын" табыс етті.
- Баршаңызға белгілі «Nur Otan» партиясының бастамасымен елімізде алғаш рет өткізген «Праймериз» партияішілік іріктеу саяси науқаны ауданымызда жоғарғы деңгейде өтті. Өздеріңіз білетіндей, ауданымызда 29 үміткер өздерінің бақтарын сынады. 12 үміткер бастауыш партия ұйымынан ұсынылса,17 үміткер өзін өзі ұсыну арқылы тіркелді.Өздеріңіз бұл науқанға белсенділікпен қатысып, әр ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларыңызбен таныстырып шықтыңыздар.
Праймериздің басты ерекшелігі - бұл жария пікірсайыс болды. Аудан бойынша 5 дебат өтті, бұл сайысты да сіздер жақсы деңгейде өткіздіңіздер. Маңызды сәтте, яғни дауыс беру кезінде 1512 партия мүшесінің 1508-і белсенділікпен дауыс беру бойынша жоғарғы нәтижеге ие болдық. Республика көлемінде облысымыз 94,4 пайыз құрап, алғашқылардың легіне ілікті, - деді аудан басшысы.
Үміткерлердің атынан сөз алған Талдыкөл орта мектебінің директоры Қ.Қазиев "Алғыс хат" үшін ризашылығын білдірді.
Б.CҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ