Махамбеттік мемлекеттік қызметші С.Құжырбаев екінші орынға ие болды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай «Отбасым – үйім, отбасым – тірегім» мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық отбасылық байқауы өтті.

Байқау  мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасы құндылығының адам өмірі мен қоғамның әл-ауқатының артуының кепілі екендігін кеңінен дәріптеу және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеріп, өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуында отбасының рөлін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастыру болып табылды.

Бұл сайыста Махамбет ауданының намысын қорғаған аудан әкімі аппаратының  ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Сейтжан Құжырбаев  жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

– Байқауға жергілікті атқарушы органдардағы ең мықтыларынан  8 мемлекеттік қызметшінің отбасы қатысып,  «Отбасы - ұлағат ұясы, ұлт айнасы»  өздері және отбасы туралы түсірілген креативті бейнеролик  көрсету, «Көсем тұлға, дауылпаз жырдың тарланы - Махамбет»  Махамбет Өтемісұлының шығармашылығынан  жыр оқу немесе күй мен терме орындау, «Салт-дәстүр тәрбие негізі» қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сұрақтар қойылса,  «Менің өнерлі жанұям» бөлімінде  қатысушылар отбасымен бірігіп өз өнерлерін ортаға салу сынды төрт  кезең бойынша бағымызды сынадық. Қызым Медина да өзіммен бірге сахнаға шығып, жоғары деңгейде өнер көрсетті,- деді С.Құжырбаев.

Шарада бақ сынаған әр отбасы бірлік пен өзара ынтымақтастықты  ұлттық тәрбиемен ұштастыра отырып, ізгі қарым-қатынас пен өнегесінің жағымды үлгісі бола білді.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT