Махамбеттік кәсіпкерге «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі табысталды

Астана қаласында өткен Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінде жерлесіміз, кәсіпкер Анатолий Ли Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің қолынан «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін алды.

- KazAgro/KazFarm көрмелерінің мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету және Қазақстанның барлық фермерлерін бірегей алаңға біріктіру болып табылады. KazAgro – өсімдік шаруашылығы, KazFarm – мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі. Көрменің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрады. 20-дан астам елден 300-ден астам түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испа-ния, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа да елдерден сарапшылар келді. Мұндай іс-шара біз секілді ауыл фермерлеріне тәжірибе жинақтауға, ауыл шаруашылығы саласының әлемдегі ең өзекті жаңалықтары мен жетістіктерін білуге көмектеседі. Министрдің қолынан алған ма-рапатым менің көп жылдардан бері төккен терімнің жемісі, Махамбет ауданының ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесімнің бір бөлшегі деп білемін, -деді Анатолий Ли.

Анатолий Ли алғашқы еңбек жолын 2002- 2006ж Махамбет ауданының «Жұлдыз» шаруашылығында бастаған. 2007-2012ж «Ас¬хат» ШҚ-да жұмыс жасаған. 2012 жылдан күні бүгінге дейін Бақсай ауылдық округінде, «Наурыз» шаруа қожалығында тамшылатып суару әдісін қолдана отырып, егін егумен айналысады. Жалпы еңбек өтілі 20 жыл.

«Наурыз» шаруа қожалығы облыста жылына орташа есеппен 120-150 га аралығында суармалы алқапта тамшылатып суару технологиясы арқылы көкөніс- бақша, картоп дақылдарын өсіретін іргелі шаруашылықтардың бірі болып есептеледі. Ағымдағы жылы да осы шаруашылықта 145 га көлемінде егістік өсірілуде. Шаруашылықта орташа 1 гектардан өндірілетін өнімділік, көкөністерден-500 цн/га, бақша-540 цн/га, картоптан-230 цн/га.

Анатолий Ли сонымен қатар әрдайым Бақсай ауылдық округіндегі әлеуметтік осал топтарға материалдық және қаржылай меценаттық көмегін көрсетіп келеді. Махам-бет ауданында және Атырау қаласында, басқа өңірлерде өткізілетін жәрмеңкелерде облыс атынан тұрақты қатынасып тұрады. Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521