Махамбет ауданында құтқарушылар төл мерекесін тойлады

«Өнерпаз» мәдениет үйінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді.

Мерекелік салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев ашып, барша құтқарушыларды төл мерекемен құттықтап, амандық, толайым табыстар тіледі.

Өртке қарсы қызмет саласында қызмет етіп, адал жұмыс атқарып, өз артта¬рына өшпес із қалдырған №4 өрт сөндіру бөлімінде 1983-2006 жылдары қарауыл бастығы болған Жақсылық Көшалиев, өрт сөндіру бөлімінде 1999-2010 жылдары бөлімше командирі болған Тілекқабыл Лұқпанов, №4 өрт сөндіру бөлімінде 1995- 2012 жылдары қарауыл бастығы болып, еңбек еткен Бағытжан Қабдировтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Өмірден өткен өрт сөндірушілердің жұбайларына гүл шоқтары табысталды. Мерекеге орай аудандық ТЖ бөлімі бастығы, азаматтық қорғау майоры Сабит Мырзабайұлына «Құттықтау» грамотасын тапсырды.

Аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің 2022 жылдың 9 қыркүйектегі №37 санында жарияланған «Балалар жетім қалмасын...» тақырыбындағы мақала кейіпкерлері, бүгінгі күннің батырлары Төребек Әлібекұлы мен Ардақ Сапарғалиұлы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Екі батырға да салтанатты жағдайда төсбелгіні аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев тақты. Облыс әкімінің алғыс хатымен №11 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Айзада Сатыбалдықызы марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры С.Борашев, ТЖ бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Медетова, өртке қарсы қызмет саласы ардагерлері Қ.Қабенов, С.Темірғалиев, Б.Қажкенов, Б.Зейнова, Б.Маханов, С.Досқалиев, Т.Қабдрахманов, Г.Сабырқызы марапатталды.

Мерекемен аудандық мәслихат хатшысы Қ.Мажиев те құттықтап, азаматтық қорғау саласының ардагерлері Б.Салихов, А.Меңдібайқызы, А.Бисенова, қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейте¬нанты Е.Бекетаев, бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы И.Бүркітов, өрт сөндіруші, азаматтық қорғау кіші сержанты Б.Бейсов, жүргізуші, азаматтық қорғау сержанты И.Орынғалиев, жүргізуші, азаматтық қорғау сержанты С.Нармағанбетовты аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.

Махамбет аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Закариев азаматтық қорғаныс саласының ардагерлері Қ.Нұрышұлы, Б.Тыныштықұлы, Н.Шайдоллаұлы, №11 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Д.Қалқаманұлы, №11 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Т.Серікұлы «Қазақстан полициясы» төсбелгісімен марапатталды. Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы С.Борашев та мерейлі ме-рекемен құттықтап, бірқатар қызметкерге бөлімнің алғыс хатын табыстады. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521