Махамбеттік 40 отбасыға дәрі-дәрмек жиынтығы жеткізілді

Дәрілер жиынтығында дәл қазіргі күні қажетті парацетамол, антигриппин, сондай-ақ көпреттік бетперде бар.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен көмек қажет ететін отбасыларға тегін дәрі-дәрмек пакеті үлестірілді.

t

Махамбет ауданы бойынша 40 отбасыға дәрілер жиынтығы келді. Ол дәрілер еріктілердің көмегімен үйлеріне жеткізілді.

t

Оның ішінде мүгедектер, аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар, мүгедек бала асырап отырғандарға берілді. Дәрілер жиынтығында дәл қазіргі күні қажетті парацетамол, антигриппин секілді дәрі-дәрмектер мен көпреттік бетперде бар.

t

Сондай-ақ, «Халық» қайырымдылық қорынан тұрмысы төмен және көп балалы 13 отбасыға жиынтық дәрілік-азық-түліктерді таратылды. Көрсетілген қолдау себетінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар, сондай-ақ антисептикалық құралдар және медициналық маскалар бар.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз