Махамбеттегі үйінде марихуана сақтаған азамат ұсталды

Айыпталушы сотта өз кінәсін толықтай мойындап, іс-әрекетіне өкінді. 

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша азамат К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, К. 2020 жылғы 16 қыркүйекте сағат 19.55 шамасында Махамбет ауданы Махамбет ауылындағы өзінің үйіндегі шкафтің ішінде кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз сақтаған.

Басты сот талқылауы барысында К. өз кінәсін толықтай мойындап, іс-әрекетіне өкінді. Сот үкімімен К. кінәлі деп танылып, оған 55 560 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз