Ауыл шаруашылығы қызметкерлері ұлықталды

Ауданның ауыл шаруашылығы үздіктері марапатталды.

Көктем мен жазда тынымсыз еңбек етіп, қуаңшылық пен елді жайлаған індетке қарамастан халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуді мақсат қылған ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері мен шаруа қожалық өкілдеріне төл мерекелері қарсаңында аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Марапатталғандар қатарында ветеринар маманнан бастап шаруа қожалық басшыларына дейін бар.

ayl131120-5

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі өңір экономикасына қан жүгіртіп отырған сала мамандарына алғыс білдіре отырып, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмаларының орындалысын тілге тиек етті.

ayyl131120

ayyl131120-1

- Бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ең алдымен ауыл шаруашылығын дамыту керек. Бұл туралы Президенттің өзі Жолдауда айтқан болатын. Ал жалпы біздің өңірде жыл сайын ауыл шаруашылығының өнім көлемі көбейіп, мал саны артып отыр. Аталған салаға мемлекет тарапынан да, жергілікті деңгейде де қолдаулар жалғасып келеді. Пандемия кезеңінде шашау шығармай, шаруаларыңызды ұстай білгендеріңіз сіздердің көпжылғы тәжірибелеріңіздің арқасында деп білеміз. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жеткен жетістіктеріңіздің жыл сайын еселей беруін тілеймін,- деді аудан әкімі Ж.Бахуұлы.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT