Махамбеттегі «Серпер» жазғы бейіндік лагерінде 25 оқушы демалуда

Жадырап жаз келгенде оқушылардың басым көпшілігі лагерьлерде демалуды қалайды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп біз лагерьге барамыз» деп балалық шақтың көңілді сәттерін қуаныш пен шаттыққа ұласқан естеліктерге толтырады.

Ата-аналар да балаларының бос уақытын тиімді өткізуі маңызды екенін алға тартады. Осы орайда З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінде «Серпер» жазғы бейіндік лагері өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда 25 оқушы қатысуда.

Бейіндік лагерьдің әр күні оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге, денсаулығын түзеуге, білім алуға бағытталған. Демалысты көңілді өткізу өз алдына, балалардың жеке басының қауіпсіздігі мен денсаулығын ерекше назарда ұстау – басты мәселе. Лагерь жетекшісі Армангүл Әділғалиева «Танысу күні» қауіпсіздік ережелерімен таныстырса, топ жетекшілері Жанна Сұлтанғалиева, Рита Тарихова, Гүлжихан Мергенбаева, Елжан Қамашев, Наурызбек Жұмағалиев демалушылармен танысу ұйымдастырды.

«Салауатты өмір салты күні» бағытында Тұрсынжан Сұлтанның жетекшілігімен «Біз спортты жақсы көреміз» флешмобы мен «Спорт – денсаулық кепілі» атты жарыс өтті. Р.Тарихова дәстүрлі ән салуды демалушыларға үйретті. «Достық күні» бағытында «Дос боламыз бәріміз» атты тренинг өтсе, домбыра аспабы туралы домбыра сыныбы мұғалімі Т.Сұлтан түсінік берді. «Өнер күні» бағытында «Әнші, күйші, биші балапан» атты сайы- сында демалушылар өз өнерлерін ортаға салды. «Білімділер күні» Г.Мергенбаева жетекшілігімен өткен «Қолөнер – зор өнер» атты шарада оқушылар өз қолдарынан бұйымдар жасады.

– Жазғы демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шынықтыруға, білімін толықтырып, жаңа оқу жылын күш-жігермен, ын- тамен бастауға ықпал етеді. Бұл ретте жайраңдаған жаздың қуанышы бала- лар лагерінен бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан, бейіндік лагерь болашақ ұрпақтың жан-жақты қалыптасу та- лаптарына сай болуы керек. Лагерь – демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мектебі, үгіт-насихат құралы. Жеткіншектер онда жай демалып қана қоймай, қоршаған ортаны танып, еңбек етуге де бейімделеді,- дейді З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінің директоры Э.Еспусинова.

Сонымен қатар демалушылар «Сарайшық» тарихи-мәдени музей- қорығына сапарлап, аудандық кітапхананың да жұмысымен танысты. Көркемсурет сыныбы оқушыларының плэнерлік сабақтары бойынша салған суреттері көрмеге қойылып, лагерь келушілері тамашалауға мүмкіндік алды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT