Кітапханашылар - аудан айнасымен бірге!

Газет – адамға ауадай қажет құндылық.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде мерзімді басылым - қашанда өзінің қалың оқырманымен құнды. Оқырман сол басылымнан жақсы жаңалықтар күтеді. Әр санын асыға күтіп оқимыз. Сондықтан біз Махамбет аудандық орталық кітапхана ұжымы көп жылдан бері ұжым болып, «Jaiyk shugylasy» газетіне жазылып келеміз. Биыл да  аудандық басылымға түгел жазылып отыр. Жазылу  белсенді түрде жүргізілді.

 Газетте шығып жатқан мақалалардың бәрі де көңілімізден шығады. Кітапханамызда өтетін кеш, кездесу, сайыс, дөңгелек үстелдерге журналистер қатысып, ол жөнінде мақалалар жарияланып келеді.

Қазіргі кезде әлеуметтік желілер басымдық алса да мерзімді басылымдар, газет-журналдардың алатын орны ерекше.

    Жергілікті басылымға жазар жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын деп тілейміз.

 

Ш.Измағамбетова

Махамбет аудандық орталық кітапхана директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521