Махамбет ауданында кезекші сыныптар ашыла ма?

Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылмақ.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарға байланысты пікірлер екіжақты болғанын, соған орай шешім де екіжақты екендігін айтқан болатын.Бастауыш сыныпта оқитын баланың ата-анасының өзіне ерік берілді, яғни олар баласының мектепте не үйде оқитынын өздері шешпек. Бұл тұрғыда ата-анаға артылар жауапкершілік жүгі басым.

Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сұлтанғалиеваның айтуынша, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-ана өтінішімен кезекші сыныптар бекітілген алгоритм бойынша жұмыс жасайтын болады.

- Бұл бағытта 76 кезекші сынып ашылады деп күтілуде. Санитарлық ережелерді сақтау мақсатында дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілетін болады. Кезекші сыныптарда білім алатындарға мектеп формасы – міндетті емес, бірақ киім таза, жинақы болып, оқушы бетпердемен отыруы керек. Кезекші сыныпта оқитын балалардың ата-аналары мен ұстаздар бірлесе жұмыс атқарып, мәселе туындамайды деп ойлаймын,- дейді А.Бердешқызы.

Қ.Айтқалиев

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT