Департамент бастығы полиция полковнигі Н.Уразбаевтың 04.07.2022- ғы No311 бұйрғына сай Атырау облысы көлемінде жол-көлік оқиғасының өсуіне байланысты және жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында Махамбет ауданы аумағында « Қауіпсіз жол » жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілуде.
ЖПІШ кезінде аудан бойынша автожолдарда патрульдік полиция жасақшаларының тығыздығы ұлғайтылып, сондай-ақ аумақтармен елді мекендерде, ауылдық жерлерде, іс-шараларға учаскелік полиция инспекторлары тартылып ЖЖҚ өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыс жандандырылып бұл ретте мас күйінде және жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың көлік құралын басқаруға, жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолаушыларды тасымалдау тәртібі, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және т.б. қағидаларына ерекше назар аударылылды.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында, әсіресе апаттық- қауіпті учаскелерде жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын өлшейтін техникалық құралдар белгіленген тәртіпте барынша пайдаланылып, және қала сыртындағы тас жолдарда көлік құралының жүргізушілеріне тас жол жағдайын ескерту жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. ЖПІШ қарсаңында бөлімнің әлеуметтік желілерде, оның ішінде фейсбук ,инстаграмм ЖПІШ өткізілу барысы әлеуметтік желіні қолданушылардың да назарына жеткізілді.
Жедел профилактикалық іс-шара өткізілу кезінде жолда жүру ережесін бұзған 379 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып жауапкершілікке тартылды.Одан басқа өткізіліп отырған ЖПІШ шеңберінде әр тоқталған жүргізушілерге «Жүргізуші жол ережесін сақта» атты 48 дана жадынамалар таратылып түсінік жұмыстары жүргізілді.
Махамбет АПБ ЖПҚб-нің бастығы полиция подполковнигі: Б.Арыстанбаев