Махамбетте жас жігіт суға батып кетті

Атырау облысы Махамбет ауданы, Таңдай селосындағы Бақсай каналына жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"Оқиға 2 тамызда 15:05 сағатта байланыс бекетіне Атырау облысы Махамбет ауданы, Таңдай селосы Бақсай каналына суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылу кезінде 1996 ж.т. азамат А.Ф. батып кеткені туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына Атырау қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы шықты. Сағ 19:10 жергілікті тұрғындардың күшімен азамат А.Ф. денесі табылып, судан шығарылды" делінген хабарламада.  

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 сүңгуір-құтқарушысы және 1 бірлік үрмелі қайық, 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері 1 бірлік техникасы, жергілікті тұрғындар (2адам) жұмылдырылды.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT