Махамбетте Жайық өзені жағасының 4,5 шақырымын бекіту жұмыстары жүріп жатыр

Бұл туралы облыстық Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Асан Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы құны 12 млрд 136 мың теңге болатын жобаның құрылысын «Павлодар Өзен Порты» АҚ былтыр қыркүйек айында бастады.

- Жаға бекіту жұмыстары жағаны қазу, топырақты күреу жұмыстарынан басталды. 1337 қада (свай) мен 500-дей тығын (шпунт) қағылды. 30 техника мен 30 жергілікті жұмысшы жұмылдырылды. Қажетті құрылыс материалдары жеткілікті. Биыл Жайыққа судың мол келіп, тез қайтпауына байланысты сәуір айынан шілдеге дейін жұмыс тоқтап қалды. Су қайтып, жаға кепкен соң қайта қолға алынды, деді А.Нұрғалиев.

a92c61f8-a237-478e-a91d-8a294e3fff5a

Жаға бекіту жұмыстарын 2023 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Жұмыстар біткен соң ұзындығы 4 шақырым, ені 3 метр жерге тас төсем төселеді. Отырғыштар мен жарық шамдары орнатылып, балаларға ойын алаңы салынады. Ауыл тұрғындары үшін серуендеуге арналған алаң бой көтермек.

Бұған қоса Алға ауылының тұсынан жалпы құны 5 млрд 521 мың теңгені құрайтын, 3,2 шақырым жаға бекіту жұмыстарының жобасына түзетулер енгізіліп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT