Мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаев Сарытоғайда құрылысы бітпей жатқан Мәдениет үйіне барды

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев Махамбет ауданында болып, әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, мәселелеріне құлақ түрді.

071df79f-9211-43f0-84b8-29b3accd1ffc

Алдымен аудан орталығында салынып жатқан 600 орындық мектеп пен 300 оқушыға арналған интернаттың құрылыс барысымен танысқан мәжілісмен кейін Сарытоғайдағы «сақалды құрылыс» – жаңа мәдениет үйінің жайына қанықты. «Ашынғаннан шығады ащы дауысым» демекші, Мәжіліс депутатын мәдениет үйінің алдынан қарсы алған сарытоғайлықтар «қанша депутат келіп-кетіп жатыр, бірақ қозғалыс жоқ» деп ашына айтты. Барлық кінәні мердігерлерге артқан облыстық құрылыс басқармасының өкілі бес жылдан аса уақыт бойы бітпей тұрған нысанды келер жылы аяқтайтындығына уәдесін берді.

b39e06cf-b6c8-4b59-bdf1-01c38b3a1592

Сот процестері, қаржының жеткіліксіздігі жұмыстардың уақытылы атқарылуына кедергі келтіріп келсе, бүгінгі күні соңғы мердігермен келісімшарт біржақты бұзылып, өзге мердігерді анықтау бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.

a403a97d-07c4-49f8-a963-153d5f5cf563

Кейін халық қалаулысы Таңдай ауылдық мәдениет үйінде ауыл ақсақалдарымен келелі кеңес өткізді. Кездесу барысында ауылішілік жол, ауыз су, қымбатшылық, қоқыс төгетін орын мәселелері көтерілді. Атыраулықтардың жүгін Мәжіліс отырыстарында көтеріп жүрген Сәлімжан Жұмашұлы ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерінің шешу жолдарын қарастырып, ықпалдасатындығын жеткізді.

 

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521