Махамбет ауданында көкөніс өсіру бағытындағы жаңа жоба жүзеге асады

Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Махамбет ауданы тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында ORLE 2.0 бағдарламасын жүзеге асырады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаға қатысу үшін махамбеттік 20 тұрғын өтініш білдірген. 17-18 тамыз күндері жоба тренерлері Б.Ельчибаева мен П.Кавуков Махамбет ауданына келіп, семинар өткізді. Қатысушылар өз ауласындағы жылыжайда көкөніс өсіру дағдылары мен бизнес-жоба жасауды үйренді. Сондай-ақ табыс табу жолдарын меңгерді.

-Сапалы азық-түлік өнімін тұтыну әлемдік мәселеге айналып отырған кезеңде жобаның болашағы зор деп есептеймін. Жоба қатысушалыр үшін арнайы Махамбет ауданына келіп, семинар өткіздік. Барлық қатысушыға тренигтен өткені жөнінде сертификат берілді. Курстың қалған бөлігі зум бағдарламасы арқылы онлайн өтеді. Оқуға толық қатысқандар өздерінің бизнес-жобаларын қорғайды. Сәтті қорғап шыққан қатысушыларға 3 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі, деді тренер Б.Елчибаева.

d5388dac-27c8-432c-88b3-172940f2427e

Көкөніс өсіру бойынша қайтарымсыз гранттар қыркүйек-қазан айларында беріледі. Бір ерекшелігі, жобада үздік атанғандарға қаржы қолма-қол берілмейді. Барлық технология мен тұқымды ұйымдастырушылар өздері алып береді Сонымен қатар құрылғыларды қондыру жұмыстарын да өз мойындарына алған. Жұмысты жолға қоюға да қолдау көрсетеді. Бұл жобаға әлеуметтік осал топқа жататын көп балалы ата-аналар немесе баланы өз бетінше тәрбиелеп отырғандар, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған азаматтар, сондай-ақ қандастар қатыса алады. Қатысушылардың жасы 18 бен 45 жас аралығында болуы керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521