Махамбетте ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті

«Өнерпаз» мәдениет үйінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз – ғұмыр, ұстаз – нұр» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға ардагер ұстаздар, мектеп, балабақша ұжымдары қатысты. Шәкірт тәрбиелеуде еселі еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Света Аманшиева қатысып, ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.

img_4536

– Білім ошағының дүрсілдеген жүрегі болып саналатын мұғалімге көрсетілер құрмет зор. Адам баласы өз дамуында жаңаны үйреніп, ғылымды, білімді тоқумен келеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет. Еліміз басынан өткерген түрлі кезеңде сіздер халыққа қызмет етудің ерен үлгісін көрсетіп, абыроймен көрініп келесіздер. Ауданымыздың атын шығаратын талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін,- деген аудан әкімінің орынбасары С.Ертілеуқызы білім қазынасына үлес қосып, ұрпақтар зердесіне ғылым мен білімнің дәнін сеуіп жүрген ұстаздар қауымына алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табыстады.

Ұлы қызметте жүргендерге облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасы, облыстық білім беру басқармасының, облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттары табыс етілді. Сонымен қатар алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері Саябек Темірғалиев пен Рүстем Кусмановтар Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерін қастерлеу үшін бекітілген «Қас батыр» медалімен марапатталды.

img_4567

Мұғалімдер қауымы өздері дәріс беретін пәндердің маңыздылығына тоқталып, көрермендермен байланыс орната білді. Білім беру мекемелері мен З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің ұстаздары өз өнерлерін ортаға салып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521