Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев алдымен қазыналы қарттардың үйлеріне барып, алғыс хаты мен сый-сияпаттырын ұсынып, ақ батасын алды. Кейін «Берекет» мейрамханасына ардагерлер үшін арнайы жайылған дастархан басында емін-еркін сұхбат құрып, ұсыныс-тілектерін тыңдады.
- Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған. Кешегі бір күндері ерен еңбектің үлгісін танытып, осынау мамыражай заманның зейнетін көріп отырғн сіздер қай уақытта да қадірлісіздер. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың кейінгі ұрпақ үшін орны бөлек. Бүгінгі салтанатты шарада сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, ұрпақ қызығын көруді тілеймін,- деді аудан басшысы.
Сонымен қатар салтанатты шарада аудан өнерпаздарының саздық сәлемі жолданса, бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің, облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры Георгий Канцев атындағы медальмен Қобылан Сисенов пен Шәудір Зұлхашев марапатталса, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы төсбелгіс Ғизат Есенғожиннің кеудесінде жарқырады.
Қазіргі күні ауданда 3 мыңнан астам зейнетінің бейнетінің көріп отырған жан бар.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ