Ауданда медицина саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Мерекелеріңізбен, құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Бүгін «Өнерпаз» мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты «Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы» атты мерекелік шарасы өтті.

Шара сазға толы М.Мамбетиязовтың «Біз біргеміз» әнімен ашылды. Дәрігерлер қауымын төл мерекесімен аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиева құттықтап, бар күш-жігерін адам денсаулығына арнап жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор екенін, өткен жылғы пандемия кезінде күн-түн демей, дамылсыз қызмет атқарып, адам өмірі үшін жанталасып жұмыс жасағандарына ризашылығын білдірді.

mtd-18621

Бұдан әрі кезек марапаттау рәсіміне берілді. Аудан әкімінің алғыс хатымен кардиолог- дәрігер К.Елеуова, эндокринолог-дәрігер М.Каюпова, акушер-гинеколог Г.Тулешова, хирург медбикесі Ш.Орашева, стационар аға мейірбикесі Т.Меңдібаева, жалпы тәжірибе мейірбикесі Д.Исағалиева және ардагерлер анестезиолог-реаниматолог дәрігері С.Лұқпанов пен жалпы тәжірибе мейірбикесі Г.Мерғалиева марапатталды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Алғыс хатына жалпы тәжірибе мейірбикесі Дариға Ихсанқызы ие болса, «Үздік акушер» атағымен Г.Габдуллиева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасымен» терапия бөлімінің мейірбикесі Ш.Қулшыманова марапатталды.

-med-18621-1

Аудандық емханада көп жылдан еңбек етіп жүрген өнерімен өрге жүзген жезтаңдай әнші Кенжебай Адиров Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнін әуелете шырқады. Д.Сердалының «Бұлбұлым» әнін аудан өнерпазы Гүлсая Меңдігерееваның орындауында тыңдады.

Махамбет аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Ардақ Хайдаров пен «Сенім» кәсіподақ ұйымының директоры Шолпан Төлешова бір топ аурухана қызметкерлерін «Сенім» кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапаттады. Олар: дәрігер Р.Жұмашева, Таңдай амбулаториясы аға дәрігері Ж.Мамыр, массаж мейірбикесі Б.Сұлтанғалиева, дәрігерге дейінгі қабылдау бөлімшесінің фельдшері А.Тоқтарқызы, лаборант Ш.Жұмағалиева, акушерка Г.Габдуллиева, жалпы тәжірибе мейірбикелері З.Жүкесова, Ү.Бисенғалиева, Ақжайық дәрігерлік амбулаториясы лаборанты Д.Жұбанова, Сарытоғай дәрігерлік амбулаториясы жалпы тәжірибе мейірбикесі А.Изгиева, терапия бөлімшесінің мейірбикесі Б.Мұхамбетқалиева, Ақтоғай дәрігерлік амбулаториясы жүргізушісі Қ.Мұқанов, терапия бөлімшесінің мейірбикесі А.Мұханова ие болды.

«Әсем-ай» бишілер тобы «Орыс» биін билесе, Е.Ғафуров «Люди в белых халатах», Шыңғыс Нұрғалиұлы «Өмір» әндерін шырқады.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521