Махамбетте төрт автокөлік балшықтан шығарылды

Өткен сенбі күні толассыз жауған нөсер тұрғындарды әбігерге салды. Сол күні жолға шыққан жолаушылар арасында, межелі жеріне жете алмай жолда қалғандар көп болды.

jan23920

Аудандық 11-ӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры А.Нургалиевтің айтуынша, 19.09.2020 жылы 19 сағат 10 минутта №11-ӨСБ-нің байланыс бекетіне ұялы телефон арқылы қоңырау шалған Атырау облысының азаматшасы Исмагулова Махамбет селосы Сейтек шайханасының артында 4 шақырым жерде 4 автокөлік балшыққа батып жатқанын хабарлаған.

-jan230920-

№11-ӨСБ-нің 1-бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде автокөліктердің ішінде 7 бала 13 ересек адам болған. Аудандық әкімдігіне қарасты 1 бірлікті Трактор қосымша көмекке келеді. Нива және Kia Sarento автокөліктері ішіндегі 4 бала 7 ересек адамға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы көмек көрсетсе, Fort және Тoyota Fortuner автокөліктері ішінде 3 бала 6 ересек адамды Трактор тросс құралы арқылы балшықтап сүйреп шығарады.

sms23

- 18-19-шы қыркүйек күндері 112 желісі арқылы барша тұрғындардың ұялы телефонына Атырау облысында 15-20 м/с дейінгі шаңды дауыл тұрып, күн күркіреп, нөсер жауын күтілуде деген хабарлама келген болатын. Бірақ тұрғындар бұл хабарламаға мән бермей жолға шыға береді. Осындай салғырттықтың соңы жолда қалуға әкеліп соғуда. Сондықтан хабарламада көрсетілген ақпаратқа мән беріп, жауын күтілген күні жолға шықпауға кеңес беремін,– дейді 11-ӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры А.Нургалиев.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT