Егер қариялар және мүмкіндігі шектеулі жандар мерзімі өткен құжатын рәсімдегісі келсе, 14-14 байланысына хабарласып, тіркеліп,сол арқылы құжаттануына болатынын хабарлаймыз.
Департамент бастығы полиция полковнигі Қ.Үмбетқалиевтың бұйрығымен құрылған арнайы мобильдік топтар карантин кездерінде жеке куәліктерінің жарамды мерзімі асып кеткен сондай-ақ денсаулықтарына байланысты өз беттерімен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялардың құжаттарын ауыстыруға көмек көрсетуде.
Е.ДЮСЕНБАЕВ,
Махамбет АПБ КҚҚТ аға инспекторы, полиция капитаны