Пробация қызметі есебіндегі азаматтармен кездесті

Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандармен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Төлеген қатысты. Ай сайын жумыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне есепте тұрған жұмыссыз сотталғандардың тізімдері жолдануда.

Жиын барысында есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру жайы жөнінде сөз қозғалды.

Шараның мақсаты – пробация қызметі есебінде тұратын қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына, қылмыстық істер жасауының алдын алып, сотталғандарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру болды.

А.Молдашева,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД Махамбет

аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы,

әділет аға инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз