Махамбетте «Тәуекел» кафесі ашылды

Жас кәсіпкерлерге қолдау көп.

Елімізде 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Еңбек: нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде көптеген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік бағытта білім алды.

«Атамекен» ҰКП аудандық филиалында аталған жобамен ауданымызда 239 адам оқытылып, соның ішінде 104 адам төмен пайыздық мөлшермен несие және көп балалы отбасыларына, жастарға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және аз қамтылған отбасы мүшелеріне бизнес идеяларын дамытуға қайтарымсыз гранттар берілді.

ashana1

Жуырда Атырау қаласында «Бастау Бизнес» стартап жобалар 2019 облыстық көрме-жәрмеңкесі өткен болатын. Аталған көрмеге ауданымыздан қатысқан қайтарымсыз грант иегерлері Гүлназ Қарағойшина мен Мадина Сағатовалар өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

ashana

Ал аудан бойынша «Жас кәсіпкер» оқу курсын аяқтаған 55 жастың, 32-сі өз бизнесін бастап кетті. Аталған курсты қыркүйек айында аяқтап, дайындаған жобасы негізінде 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегері атанған жас кәсіпкерлердің бірі Юлия Сүлтангубиева.

5

a

Ол өткен аптада Құрылысшы мөлтек ауданында орналасқан «Тәуекел» сауда үйін жалға алып, қоғамдық тамақтану орнын іске қосты.

- Аудан орталығынан дизайны ерекше көзтартарлық, келген адам үшін ыңғайлы әрі өзін еркін сезіне алатындай тамақтану орнын ашу көптен бергі арманым еді. Жанымдағы жақын туыстарым мен құрбыларым да ылғи «өз кәсібіңді бастасаңшы» деп айтып отыратын.Сонымен «Жас кәсіпкер» курсын аяқтап, жобамды қорғап, діттеген мақсатыма қолжеткіздім. Жиырма адамға арналған кафеміздің бас мәзірінде келушілер үшін фас-фуд өнімдерімен қатар, бірінші және екінші тағамдар бар. Оған қоса, жапондықтардың дәстүрлі тағамы суши де дайындалады. Бұл біздің отбасылық бизнесіміз. Себебі, мұнда өзіммен бірге анам да жұмыс істейді және тағы бір адамды жұмыспен қамтып отырмыз, - дейді жас кәсіпкер Ю.Султангубиева.

Б.Сапарова

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21