Тренажер және баскетбол ойын алаңы пайдалануға берілді

Жұмада ашылған жаңа нысандар.

Қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстанып, спортмен айналысамын деген адамға барлық жағдай жасалуда. Соның бір дәлелі өткен жұмада Құрылысшы мөлтек ауданынан ашық тренажер және баскетбол ойын алаңы пайдалануға берілді.

t

Ашық тренажер алаңы барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда жасанды төсеніші бар шағын футбол, баскетбол алаңы және аяқ-қол бұлшықеттерін шынықтыратын бірнеше құрылғылар орнатылған.

t

Алаңның салтанатты ашылуында Махамбет ауылдық округі әкімі Б.Мыңбаев және Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» , ауданның «Құрметті азаматы» Ж.Сұлтанов сөз алып, лентасын қиды.

Аталған нысанға тапсырыс беруші аудандық құрылыс , сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мердігер «Шыныбек А.Т.» ЖШС-і арасында ағымдағы жылдың қыркүйек айында келісімшарт жасақталған болатын. Мердігер мекеме нысанды қараша айында қабылдау актісімен тапсырды.

t

Ел игілігіне беріліп отырған жаңа нысанның аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыруына септігін тигізеріне сеніміміз мол.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521