Махамбетте өткен шарада 112 құқық бұзушылық анықталды

Ауданда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

Махамбет ауданы аумағында қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Оның ішінде автокөліктерді масаң күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдықты арттыру және басып озу тәртібін бұзу, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және маневрлеу, қауіпсіздік белдігін қолданбау,көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесін өту жағдайларымен байланысты жасалған құқықбұзушылықтарды анықтауға негізгі назар салынды.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасына Махамбет ауданы жол-патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлары және де басқа құрылымдардан барлығы 20-ға жуық қызметкер жұмылдырылды. Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде 112 құқық бұзушылық анықталды.

reid-2-24920

Оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқару жайты,полиция қызметкерлерімен жылдамдықты арттырған  жүргізушілерге, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ұялы телефон пайдаланғандар, белгіленген жылдамдықты асырған, қауіпсіздік белдігін қолданбағаны үшін және көлік басқару құқығы жоқ адамның басқарған азаматтар жауапкершілікке тартылды. 

                                                                                   Қ.Шонышев,

Махамбет АПБ ЖПҚб-нің патрульдік полиция

тобының қызмет аға инспекторы,

полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT