60 пәтерлік тұрғын үйдің ауласына жол кедергісі орнатылды

Махамбет ауданы орталығындағы жаңадан салынған 60 пәтерлік тұрғын үйдің ауласына тұрғындардың өтініші негізінде жасанды кедергілер орнатылды.

- Тұрғындардың, әсіресе балалар өмірінің қауіпсіздігі үшін аула ішіндегі көлік жолдарына жасанды кедергілер орнату туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар жолданды.Әкімдік ұсынысымызды қолдап, жасанды кедергілер қондырылды, - дейді полиция аға инспекторы Жасұлан Избасаров.

Тұрғындар өтініштерінің орындалуына көмек қолын созған Махамбет ауданы полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы,полиция аға лейтенанты Жасұлан Избасаровқа тұрғындар өз алғыстарын білдірді.

-Мен Атырау облысы, Махамбет ауданы, Шұғыла мөлтек ауданындағы жаңадан салынған 60 пәтерлік тұрғын үйде тұрамын. Көпбалалы анамын. Балаларымыз аулаға ойын алаңына жиналып, ойынға шыққан сайын жиі алаңдайтынмын. Кейде көліктің қатты жүрісінен қорқып , өзіміз бірге қадағалап отырамыз. Осы мәселеге байланысты жолға жасанды кедергілер орнатуға өтінішімді Махамбет аудандық полиция бөліміне жеткізген едім. Көп ұзамай аудан сақшылары әкім аппаратына ұсыныс білдіріп , жұмысшылармен бірге жасанды бұдырналар мен жол кедергілерін 1 күн ішінде орнатып берді. Бұдан бөлек балаларымызға жолда жүру қауіпсіздік ережелері де үйретіп жатыр. Біздің өтінішімізді аяқсыз қалдырмай, қырағылық танытқан полицейлерге, ТКШ басшысы және мамандарына аула тұрғындары және өзімнің атымнан шын жүректен алғыс білдіремін, - дейді аудан тұрғыны Бағыт Себекбаева.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT