Қазыналы қариялар жастарға батасын берді.
Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер штабы жалғызбасты қарттарға, тыл еңбегі ардагерлеріне, мүгедек зейнеткерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді.
Қыркүйек-қазан айларында да көмекке мұқтаж жандардың ауласын, үй-ішін тазалап, бірқатарына арнайы азық-түлік себетін жеткізілді. Соның жалғасы ретінде еріктілердің демеушілігімен «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында ауданның қарттарына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Өз кезегінде қазыналы қариялар жастарға батасын берді.
Өз тілшіміз
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

