Махамбетте азық-түлік бағасына зерделеу жүргізілді

Жақында ауданда монитрингтік топ дүкендерді аралап, бағаны негізсіз өсірмеу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Монитроингтік топ құрамында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Пазулов, аудандық мәслихаттың депутаты Ж.Дүйсембаев, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі А.Сирашев, қоғам белсендісі С.Жайықов және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері болды.

baga210121-1

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің бағасын бақылау мақсатында топ мүшелері аудандағы «Дос», «Берекет», «Молшылық» , «Әділжан» азық-түлік дүкендерін аралады.

Мониторинг барысында бүгінгі күні аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің шектік бағалары тұрақты. Атап айтқанда күнбағыс майы-459 тг, ал азық-түлік дүкендерінде-470 теңге, картоп-140 болса, азық-түлік дүкендерінде-150 теңгеден. Дүкендерде сөрелердегі азық-түлік бағаларының жазылмағандығы,чекте әр заттың бөлек бөлек атауымен көрсетілмейтіндігі де анықталды.

Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне жататын өнімдердің бағасын көтермеу жөнінде, негізсіз баға өсімі болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделгені туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

b

Зерделеу нәтижесі көрсеткендей, ауданның сауда желісіне жүргізіліп жатқан тексерулер бағаның өсуіне кәсіпкерлер Атырау қаласынан тасымалданатын азық-түлік өнімдері көтерме саудагерлердің сату бағасының өсуіне байланысты екендігін жеткізді. Қазіргі уақытта аудан дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға шекті баға қойылғандығынан аудан кәсіпкерлері хабардар.

Алдағы уақытта азық-түлік бағасын негізсіз көтерілуін қадағалау мақсатында «Атырау адалдық алаңы Махамбет аудандық жобалық кеңсесі» жергілікті әкімдікпен бірге жүйелі шаралар жүргізіп отырады.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT