Акция барысында ата-аналарға ескерту берілді

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 1 тұлға ата-ана құқығынан шектелді.

Махамбет ауданы көлемінде 20-22 қаңтар аралығында Атырау облысы полиция департаменті бастығының нұсқауын орындау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандармен жұмыс және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтап, алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Облыс аумағында өтетін «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасына мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысуда.

Іс-шара барысында аудан бойынша 5 жасөспірім заңды өкілінсіз мекен-жайдан тыс жерде жүрген жерінен тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігіне сәйкес, ата-аналарына ескерту берілді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 1 тұлға ата-ана құқығынан шектелді.

Ж.ДІЛМАҒАМБЕТОВА,

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы,

полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT